Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері 5 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.12-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 391 шақырым қашықтықта, Балқаш көлінің шығыс бөлігінде болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,0, тереңдігі - 15 шақырым. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.