Алматының метросы

Достар, бұл жерде Алматы қаласындағы метро туралы ойларымызбен бөлісейік. Сіз онда болдыңыз ба? Несі ұнады немесе қай жеріне көңіліңіз толмады?

Мен бір-ақ рет жүріп көріппін өмірімде. Так што ештеме айталмайм
Керемееет қой, шiркiн, бiздiң метро! Қалаға бара қалып жатсам, метроға мiнбей қайтқым келмейдi! Уақыт пен жүйкенi ой қалай үнемдейдi-ай ) Метроны жасатқан, жасаған, жасап жатқандардың бәрiне рақмет қой! «Жол салу - игi iс»
Орысша сөйлейтiн жерлерiн алып тастаса екен!
өзі бір-ақ маршрут. Қалқаманға дейін қашан бітіред екен?
Метро жаздың аптап ыстық, қыстың ызғар күндері қолайлы. Тек эскалаторда көп уақыт жоғалтасың. Алматының метросы қысқа демесең, біздің жұмысқа жақын аялдамаға дейін келеді. Бірақ үйден шыққанда метроға жету үшін біраз уақыт керек... :roll:
Метроға ең алғаш құрбыларыммен барған едім... Эскалатордан түсіп метроғаға қарай жүріп бара жатсақ, арамызда біреу: метро осымен бітті ме деп бәрімізді күлдірді) сол сияқты ондай метроның біздің елімізде де болғаны қандай жақсы!
метроның қажеттілігі күн санап білініп келе жатыр еді. қысқа болағны болмаса, былайынан қолайлы. Біздің метроның өз артықшылықтарын болады деген сенімдемін.
Алматы метросы жақсы салынған, және вагондар таза ,әдемі екен. Әзірге қысқа болып тұр, 8,5 км деген Алматы қаласына өте қысқа . Алматыға кемінде 40-50км метро болса ешкім машинасымен жүйткіп жұмысқа бармас еді уақыт құртып.