Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Алматының метросы

Алматының метросы

Мой Казахстан

Алматының метросы

Хабарлама Ай-керім Сматуллаева » 12 қыркүйек 2013, 10:15

Достар, бұл жерде Алматы қаласындағы метро туралы ойларымызбен бөлісейік. Сіз онда болдыңыз ба? Несі ұнады немесе қай жеріне көңіліңіз толмады?
Ай-керім Сматуллаева
 
Хабарлама: 963
Тіркелді: 16 ақпан 2012, 13:03

Re: Алматының метросы

Хабарлама Тау ұлы!!! » 12 қыркүйек 2013, 10:35

Мен бір-ақ рет жүріп көріппін өмірімде. Так што ештеме айталмайм
Тау ұлы!!!
 
Хабарлама: 826
Тіркелді: 04 сәуір 2012, 13:21

Re: Алматының метросы

Хабарлама Cырдың қызы » 12 қыркүйек 2013, 12:56

Керемееет қой, шiркiн, бiздiң метро! Қалаға бара қалып жатсам, метроға мiнбей қайтқым келмейдi! Уақыт пен жүйкенi ой қалай үнемдейдi-ай ) Метроны жасатқан, жасаған, жасап жатқандардың бәрiне рақмет қой! «Жол салу - игi iс»
Cырдың қызы
 
Хабарлама: 196
Тіркелді: 22 наурыз 2013, 18:23

Re: Алматының метросы

Хабарлама Cырдың қызы » 12 қыркүйек 2013, 12:59

Орысша сөйлейтiн жерлерiн алып тастаса екен!
Cырдың қызы
 
Хабарлама: 196
Тіркелді: 22 наурыз 2013, 18:23

Re: Алматының метросы

Хабарлама Тау ұлы!!! » 12 қыркүйек 2013, 13:26

өзі бір-ақ маршрут. Қалқаманға дейін қашан бітіред екен?
Тау ұлы!!!
 
Хабарлама: 826
Тіркелді: 04 сәуір 2012, 13:21

Re: Алматының метросы

Хабарлама Мейіргүл (ushkin) Оңғарова » 03 қазан 2013, 17:28

Метро жаздың аптап ыстық, қыстың ызғар күндері қолайлы. Тек эскалаторда көп уақыт жоғалтасың. Алматының метросы қысқа демесең, біздің жұмысқа жақын аялдамаға дейін келеді. Бірақ үйден шыққанда метроға жету үшін біраз уақыт керек... :roll:
Мейіргүл (ushkin) Оңғарова
Администратор
 
Хабарлама: 1405
Тіркелді: 07 желтоқсан 2011, 12:05

Re: Алматының метросы

Хабарлама Қарлыға Бүйенбай » 03 қазан 2013, 17:54

Метроға ең алғаш құрбыларыммен барған едім... Эскалатордан түсіп метроғаға қарай жүріп бара жатсақ, арамызда біреу: метро осымен бітті ме деп бәрімізді күлдірді) сол сияқты ондай метроның біздің елімізде де болғаны қандай жақсы!
Қарлыға Бүйенбай
 
Хабарлама: 2797
Тіркелді: 23 желтоқсан 2012, 20:47

Re: Алматының метросы

Хабарлама Атақ пен Шатақ » 03 қазан 2013, 19:31

метроның қажеттілігі күн санап білініп келе жатыр еді. қысқа болағны болмаса, былайынан қолайлы. Біздің метроның өз артықшылықтарын болады деген сенімдемін.
Атақ пен Шатақ
 
Хабарлама: 926
Тіркелді: 09 ақпан 2012, 23:36

Re: Алматының метросы

Хабарлама Астана Алматы » 03 қазан 2013, 20:35

Алматы метросы жақсы салынған, және вагондар таза ,әдемі екен. Әзірге қысқа болып тұр, 8,5 км деген Алматы қаласына өте қысқа . Алматыға кемінде 40-50км метро болса ешкім машинасымен жүйткіп жұмысқа бармас еді уақыт құртып.
У вас нет необходимых прав для просмотра вложений в этом сообщении.
Астана Алматы
 
Хабарлама: 85
Тіркелді: 25 наурыз 2013, 19:58


Оралу: Менің Қазақстаным

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1