8 шаршы метрді құрайтын керемет үй (видео)

Тұрғын үйдің жетіспеушілігі немесе оның аумағының тарлығы талайлардың басындағы басты мәселе. Алайда кейбір адамдар кішкентай үйдің өзінде де жайлы өмір сүріп жатады. Бұлай деуімізге аумағы 8 м² шағын пәтерде тұрып жатқан мына Париждік бойжеткен себеп болды. Ол кішкене ғана пәтеріне керек заттың бәрін сыйдыра білген. Кітап оқуға да, жатып демалуға да, тамақ пісіруге де ыңғайлы. Және киім-кешектеріне де жетерлік орын қалған. Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар. Видеода ол өзі тұрып жатқан үйімен таныстырады.