Зульфия Чиншанло

Зүлфия 1993 жылы 25 шілде күні дүниеге келген. Халықаралық Олимпиада комитетінің деректері бойынша Зүлфия Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ, орыс және қытай тілдерін біледі. Ал, қытай деректері бойынша оның туған жері – Қытайдың Ху Нан өлкесі Иоң Жоу ауданы. 9 жасында спорт мектебіне кіріп, ауыр атлетикамен айналыса бастаған. 14 жасында Қазақстанға қоныс аударып, есімін Зүлфия деп өзгерткен. 2009 жылы Кореяда өткен ХХ кезекті ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 53 келі салмақ дәрежесі бойынша 219 килограмм салмақ көтеріп бас жүлдені жеңіп алған. 2010 жылы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2011 жылы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 53 келі салмақ дәрежесі бойынша 227 килограмм көтеру нәтижесімен әйелдер арасында жаңа әлем рекордын тіркеді.

2012 жылы Лондон Жазғы Олимпиадасында тағы сол 53 келі салмақ деңгейінде 229 килограммдық нәтижемен жаңа әлем рекордын орнатты.

Зульфия нағыз қаһарман! Оның әрбір салмақ көтеруі кейін аңызға айналған әңгіме болады.