Форум Massaget.kz • Просмотр темы - "Алматы Тур" кезінде қай көшелер жабылады?

"Алматы Тур" кезінде қай көшелер жабылады?

Спорт

"Алматы Тур" кезінде қай көшелер жабылады?

Хабарлама Нұрболат Балықбаев » 29 қыркүйек 2016, 19:17

Қазанның 2 жұлдызында яғни жексенбі күні оңтүстік астанада осымен төртінші рет Қазақстанға белгілі болған «Алматы Тур» веложарысы өтеді.

Сонымен 1 қазаннан 2 қазанға қараған түні сағат 00.00-де әл-Фараби даңғылы мен көпір асты арқылы кететін Фурманов көшелері, 2 қазан күні Құлжа айналымы мен Шығыс айналым көшелері толығымен жабылады. Әл-Фараби даңғылымен Мұстафин көшесіне дейін, Фурманов көшесінің бұрылысы, оңтүстік-батыс, солтүстік- батыс кіре берістері де жабылады.

Веложарыстың кестесіне сай 2 қазан күні таңғы сағат 8 кезінде «Нұрлытау» көпқызметті кешенінде шерушілер қатысумен ресми шара өтеді. Мерекелік шараның басты қонақтары – «Астана» және Қазақстан ұлттық велоқұрамасының төрағасы Алексей Луценко, Қазақстанның ең жарқын жұлдыздардының бірі «Алматы Тур» веложарысының екі дүркін жеңімпазы, әлемнің ең мықты шабандоздарының бірі италиялық Винченцо Нибали «Джиро д'Италия»-ның, «Вуэльта» және «Тур де Франс»-тың екі дүркін жеңімпазы, сонымен қатар жақында ғана өткен Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушылары Андрей Зейц, Бақтрия Қожатаев, Артем Захаров және Валерио Аньоли, Мақсат Аязбаев пен Арман Қамышев.

«Алматы Тур» бәйгесіне 14 құрама қатысатын болады. «Астана» кәсіби велоқұрамасымен қатар, екі құрлықтық құрама Delko Marseille Provence KTM және «Газпром – РусВело», құрлықтық Unieuro Wilier, Kolss BDC Team, Synergy Baku Cycling Project, Norda-MG.Kvis, Pishgaman-Giant Team, Ningxia Sports Lottery – Livall Cycling Team, Rietumu-Delfin, Terengganu Cycling Team, Vino 4EVER SK және де Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары бар.

Ресми шарадан кейін «Алматы Турға» қатысушылар сағат 9:30 да жарысты бастайды. Веложарыстың негізгі уақыты төрт сағат, тек соңғы бір сағатын «Евроспорт» арнасынан тікелей көрсетеді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сағат 14:00 кезінде «Нұрлы Тау» көпқызметті кешенінің жанында болады деп жоспарлануда. Айта кету керек, дәл осы кезде жанкүйерлер өздерінің сүйікті шабандозадырымен суретке түсіп, қолтаңба ала алады.

Велошабандоздар дәстүрлі түрде «Нұрлы Тау» көпқызметті кешенінен жарысты бастап, Мұстафин көшесіне дейін жетіп, қайта артқа Шығыс айналымы арқылы Талғар жолына бет алады. Бір айналым 31 км құрайды. Жарысқа қатысушылар барлығы 6 айналым жасайды, бұл 186 км.

Веложарыстың жүлде қоры – 39 мың евро. «Алматы Тур – 2016» жеңімпазы 15 мың евро алса, екінші, үшінші орын алғандар он және бес мың евро көлеміндегі ақшалай сыйға ие болады. Ал қалған жүлде қоры алғашқы жиырмалыққа іліккен қатысушыларға беріледі.
Нұрболат Балықбаев
 
Хабарлама: 84
Тіркелді: 14 мамыр 2015, 00:51

Оралу: Спорт

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1