Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты жолдамасына тал

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты жолдамасына тал

Спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты жолдамасына тал

Хабарлама Өмірбек Сансызбай » 14 желтоқсан 2015, 12:16

Шағын футболдан (футзал) Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылы Колумбияда өтетін әлем чемпионатына берілер жолдамаға біртабан жақындады. Браилиялық маман Какау жаттықтыратын құрама іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, өз тобында бірінші орын алды.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін Чехияда өткізді. Алдымен алаң иелерін 3:1 есебімен жеңсе, араға бір күн сала Словениямен (2:2) тең ойнады. Ал кеше Франциямен өткен ойында 4:2 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде өз тобында бірінші орын алып, әлем чемпионаты жолдамасына таласуға мүмкіндік алды.
Қазақстан құрамасы електік кезеңдегі жолдамаға талас үшін Венгрия, Беларусь, Сербия, Нидерланды, Польша және Словакия құрамаларының бірімен кездеседі. Жеребе тастау рәсімі 12 ақпан күні Сербия астанасы Белградта өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осыған дейін Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алған болатын. 2016 жылғы кәрі құрлық додасы 2-13 ақпан аралығында Белградта өтеді.
Өмірбек Сансызбай
 
Хабарлама: 173
Тіркелді: 13 қараша 2012, 13:48

Оралу: Спорт

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1