Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Гандволдан Қазақстан әйелдер құрамасы

Гандволдан Қазақстан әйелдер құрамасы

Спорт

Гандволдан Қазақстан әйелдер құрамасы

Хабарлама Өмірбек Сансызбай » 04 желтоқсан 2015, 18:11

Гандболдан қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді

5-20 желтоқсан аралығы Данияда гандболдан қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді. Доданы «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Әлем чемпионатына қатысатын командалар арасында Азияның маңдайалды ұжымдарының бірі – Қазақстан құрамасы да бар. Бұл – қазақстандық бұрымдылардың 2007, 2009 және 2011 жылдан кейін әлем чемпионатына төртінші рет шығуы.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы “D” тобында Норвегия, Испания, Румыния, Ресей және Пуэрто-Рико құрамаларымен плей-офф раундына берілетін жолдамаға таласады. Әр топтан келесі кезеңге төрт команда шығады.
Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуін 5 желтоқсан күні Испания құрамасына қарсы өткізеді. Құраманың топтық кезеңдегі барлық кездесуі «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілу жоспарланған.
Өмірбек Сансызбай
 
Хабарлама: 173
Тіркелді: 13 қараша 2012, 13:48

Оралу: Спорт

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1