Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Доллар бағамы 308 теңгеден асты

Доллар бағамы 308 теңгеден асты

Спорт

Доллар бағамы 308 теңгеден асты

Хабарлама Серикбол Ерсин » 16 қараша 2015, 13:02

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 308,36 теңге болды. Бұл жұма күнгі көрсеткіштен шамамен 50 тиынға жоғары. Ол күні шетел валютасы күндізгі сессия кезінде 307,87 теңге болған еді.

2015 жылдың 16 қарашасында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 308,2 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға - 308,45 теңге. Сауда көлемі 22,35 миллион теңгеден асты. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 307-310,3 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.
Серикбол Ерсин
 
Хабарлама: 1095
Тіркелді: 08 мамыр 2014, 22:43

Оралу: Спорт

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1