Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Бейбіт Шүменовтің келесі кездесуінің қашан болады?

Бейбіт Шүменовтің келесі кездесуінің қашан болады?

Спорт

Бейбіт Шүменовтің келесі кездесуінің қашан болады?

Хабарлама Серикбол Ерсин » 11 қараша 2015, 10:43

18 желтоқсанда Лас-Вегас (Невада, АҚШ) қаласында, ауыр салмақтағы WBA чемпионы 32 жасар Бейбіт Шүменов пен 34 жасар поляк боксшысы Кшиштоф Влодарчик жекпе-жек өткізеді.

Кшиштоф Влодарчик кәсіби рингте 53 кездесу өткізіп, 49 рет жеңіп (35 нокаутпен), 3 рет жеңіліс тапқан болатын. Кшиштоф соңғы кездесуін 2014 жылдың тамыз айында Григорий Дроздтан жеңіліп, мансап жолын аяқтағаны жайлы жария еткен болатын.

Еске салайық, Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен жеңіліп қалғаннан кейін бірінші ауыр салмаққа өткен болатын. Бұл салмақта ол екі кездесу өткізіп үлгерді. Соңғы жекпе-жек шілде айының соңында Лас-Вегаста өтті. Қазақстандық бұл жолы америкалық Би Джей Флоресті жеңіп, WBA тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы титулын жеңіп алды.
Серикбол Ерсин
 
Хабарлама: 1095
Тіркелді: 08 мамыр 2014, 22:43

Оралу: Спорт

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1