«Қайраттың» жанкүйерлері Т.Бекмәмбетовтің «Ең жақсы күн» фил

Алматының Орталық стадионында Тимур Бекмәмбетовтің «Ең жақсы күн» фильмінің түсірілімі өтті.
«Қайрат» - «Ордабасы» футбол матчының үзілісінде жанкүйерлер Григорий Лепстің «Ең жақсы күн» әнін орындады. Түсірілім кадрлары биылғы жылы желтоқсанның соңында экранға шығатын фильмнің финалдық титріне ілігеді.

Жанкүйерлер әнді үш рет орындады. Әннің мәтіні стадиондағы таблода фильмдегі басты рөлдердің бірін сомдайтын Дмитрий Нагиевтің бейнесімен көрсетілді.

2013 жылғы тамызда Алматыда Тимур Бекмәмбетовтің «Елки-3» фильміне бұқаралық флешмоб түсрілгенін атап өткен жөн.

Еске салай кетейік, бүгінгі «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы матч 2:0 есебімен алаң қожайыныың пайдасына аяқталды. Оның қорытындысымен алматылық команда футболдан Қазақстан чемпионатының күміс медаліне қол жеткізді.