Стив Джобстың көлігі

"Apple" компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс тек Mercedes-Benz SL 55 AMG маркалы машиналарды ғана жүргізген. Стивтің көлігінің номерлік белгісі болмаған және жарты жыл сайын автокөлігі ауысып отырған. Калифорния заңы бойынша номерлік белгі тек жарты жылдан кейін беріледі. Стив Джобс бір автосалонмен жарты жыл сайын жаңа көлік алып тұруға келісімге отырған. Автосалон үшін бұл тиімді келісім болған себебі Стив Джобс жүргізген көлік сату кезінде жаңа көліктенде жоғары бағаланған.