Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Кеше кешкілік сабақтан шығып, үйге қайттым. Үйге шамамен 20-25 минутта барамын. Осы уақыт аралығында 4 жол апатын көрдім. Барлық жағдайда бір көліктің артқы жағына екінші көлік кіріп кеткен. Барлық жағдай жаяу жүргішілер жолының алдында болған.
Кешкі уақытта жолда көліктер азайғанын байқаған жүргізушілер жүйткіп кетеді. Бір-бірімен жарысып, озып жүреді. Ақыры тежегішке ие бола алмай, жоғарыдағыдай жағдайға түседі. Айтарым, ақырын жүріп, тормозды дер кезінде бас, жүргізуші :!: :!: :!:

сақтансаң, сақтармын демей ме? :)
Жаяу жургіншілер де пешеход екен деп атып шыга салмай, жан-жагына карап жургені дурыс болар еді!
ЖоПошниктердің жаяу жүргіншілерге де айыппұл салатыны қуантты) Әйтпесе жұрт тіптен бетімен кетті :D
ақырындап ақырындап егізеді ғой. Ремень тағу мен тонировканың запретін енгізген сияқты
Біздің жастар тормыз дегенді білмейді. Бәйгеге шапқандай айдайды ғой
Біздің жастар тормыз дегенді білмейді. Бәйгеге шапқандай айдайды ғой

бір екі рет соғылса қоядығо! менде қойдым мысалы)
Вокзалдан бауырымды күтіп алып үйге келе жатсақ, бір көлік қиқылдаған дауыспен тоқтады. Мен артыма қарамастан үйге аяңдай бердім, ол көлік бір қарт әжейді қағып кетіпті, жас жігіт алға өтіп кетіп тоқтапты. Өзі жол қызметкерлерін шақырып,айыбын мойындады. Бауырым "Алматылықтарға адам өлімі жануармен тең болып кеткен секілді ғой,жаңа неге тоқтамадың" дейді...