Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Авто

Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Хабарлама Ғазиза Ұзақ » 14 желтоқсан 2011, 09:17

Кеше кешкілік сабақтан шығып, үйге қайттым. Үйге шамамен 20-25 минутта барамын. Осы уақыт аралығында 4 жол апатын көрдім. Барлық жағдайда бір көліктің артқы жағына екінші көлік кіріп кеткен. Барлық жағдай жаяу жүргішілер жолының алдында болған.
Кешкі уақытта жолда көліктер азайғанын байқаған жүргізушілер жүйткіп кетеді. Бір-бірімен жарысып, озып жүреді. Ақыры тежегішке ие бола алмай, жоғарыдағыдай жағдайға түседі. Айтарым, ақырын жүріп, тормозды дер кезінде бас, жүргізуші :!: :!: :!:
Ғазиза Ұзақ
Администратор
 
Хабарлама: 904
Тіркелді: 07 желтоқсан 2011, 12:04

Re: Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Хабарлама Мейіргүл (ushkin) Оңғарова » 09 қаңтар 2012, 11:42

сақтансаң, сақтармын демей ме? :)
Мейіргүл (ushkin) Оңғарова
Администратор
 
Хабарлама: 1405
Тіркелді: 07 желтоқсан 2011, 12:05

Re: Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Хабарлама Асылбек Беделбеков » 01 ақпан 2012, 14:54

Жаяу жургіншілер де пешеход екен деп атып шыга салмай, жан-жагына карап жургені дурыс болар еді!
Асылбек Беделбеков
 
Хабарлама: 818
Тіркелді: 22 желтоқсан 2011, 17:46

Re: Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Хабарлама Асылбек Беделбеков » 29 ақпан 2012, 21:49

ЖоПошниктердің жаяу жүргіншілерге де айыппұл салатыны қуантты) Әйтпесе жұрт тіптен бетімен кетті :D
Асылбек Беделбеков
 
Хабарлама: 818
Тіркелді: 22 желтоқсан 2011, 17:46

Re: Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Хабарлама Асылбек Беделбеков » 01 наурыз 2012, 20:09

ақырындап ақырындап егізеді ғой. Ремень тағу мен тонировканың запретін енгізген сияқты
Асылбек Беделбеков
 
Хабарлама: 818
Тіркелді: 22 желтоқсан 2011, 17:46

Re: Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Хабарлама Атақ пен Шатақ » 04 наурыз 2012, 02:08

Біздің жастар тормыз дегенді білмейді. Бәйгеге шапқандай айдайды ғой
Атақ пен Шатақ
 
Хабарлама: 926
Тіркелді: 09 ақпан 2012, 23:36


Re: Ақырын жүріп, дер кезінде тормозды бас

Хабарлама Қарлыға Бүйенбай » 24 маусым 2013, 15:47

Вокзалдан бауырымды күтіп алып үйге келе жатсақ, бір көлік қиқылдаған дауыспен тоқтады. Мен артыма қарамастан үйге аяңдай бердім, ол көлік бір қарт әжейді қағып кетіпті, жас жігіт алға өтіп кетіп тоқтапты. Өзі жол қызметкерлерін шақырып,айыбын мойындады. Бауырым "Алматылықтарға адам өлімі жануармен тең болып кеткен секілді ғой,жаңа неге тоқтамадың" дейді...
Қарлыға Бүйенбай
 
Хабарлама: 2797
Тіркелді: 23 желтоқсан 2012, 20:47


Оралу: Авто

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1