Шымкентте ерекше автокөлік пайда болды

Шымкентте ерекше автокөлік пайда болды. “Mercedes” маркалы темір тұлпар “Swarovski” тастарымен көмкеріліп, алтын түстес лентамен әшекейленген. Осыдан екі апта бұрын ел назарына түскен бұл тұлпар бүгіннің өзінде әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатыр. Біреулер мақтау, енді біреулер теріс пікірлер қалдыруда. Дегенмен,тұлпар иесі үшін көпшіліктің пікірі маңызды емес. Бастысы, ол ерекшеленуді жаны қалайтын жігіт. Автокөлік иесі – шымкенттік Жандос Нажимединов.Автокөлік иесі - Жандос НажимединовАвтокөлік иесі – Жандос Нажимединов– Алғашында “өзгелер қалай қабылдар екен?” деген сауалдың туындағаны рас. Ел жақсы қабылдап жатыр. Бағдаршамның қызыл түсі жанып, көшеде тоқтап тұрған сәтте өзге көлік иелері бейнекамераға түсіріп, қызығушылық танытады. Рұқсат сұрап, көлік ішінде суретке түсіп жататындар да кездеседі. Бүгінде тұлпарым тойға қызмет етуде, – дейді 27 жасар Жандос.
Енді жігіт бұл көлігімен “Такси” сынды шоуды жүргізуді армандайды. Тіпті түсірімге қажетті заттарды да көлігіне орнатып қойыпты. Айтпақшы, көліктің тек сырты ғана емес, салоны да назардан тыс қалмаған. Автокөлікке отырсаңыз, құдды бір клубта жүргендей әсер аласыз. Айта кетейік, тұлпарды иесінің өзі сәндеген. Бұған 2 жыл уақытын жұмсаған. Сәндеу жұмыстарына 500-600 мың теңге қаржы кетіпті. http://toqtama.kz/archives/1385