Ақтаудағы ерекше автокөлік киноға түсті

Алғаш рет фильмге түскен маңғыстаулықтармен таныстыруды жалғастырамыз. Шығармашылықтан алыс, өте қарапайым жандар өздерінің таланттарын түсірілім алаңында көрсете білді. Олай болса, бүгін біз өзінің ерекше автокөлігімен киноға түскен ақтаулық жігіт туралы айтып бермекпіз... 0:002:38 Бұл Ақтау жолында жүйткіген жүйрік автокөліктердің жарысы. Яғни, "Бумеранг" фильміндегі керемет үзінділердің бірі. Мұндай түсірілім ең мықты темір тұлпарлар мен кәсіби мамандардың арқасында сәтті жүзеге асты. Фимльмдегі автокөлігін Владислав үлкен мақтанышпен таныстырды. Темір тұлпарының түсіде ерекше. Ал, алдыңғы екі есігі құстың қанаты сияқты жайылып ашылады. Бір қарағанда америкалық спорт көлігі ме деп қаласың! Бірақ, бұл ресейлік ВАЗ 21010 маркалы көлік. Шынымен, Владислав Лада -10 маркасын өз қолымен жасаған. Владислав Маммед-Заде Бұл менің үлкен бір арманым еді. Осындай сүйікті ісіммен айналысқаныма 10 жылдан астам уақыт болды. Өзімінің ерекше жобаммен айналысқаныма ризамын. Мәселен, мынандай түсті не үшін таңдағанымның да себебі бар. Ақтаудағы көліктердің көбісі сұр түсте. Сондықтан, мен ашық түске бояуды жөн санадым... Аталмыш көлік тек сыртынан ғана керемет емес. Техникалық құрылымы да жоғары сапада. Моторы 16 клапанды. Желбезек, спойлер, көтергіш көздің жауын алады. Барлығы да автоматтандырылған. Сондай-ақ, соңғы үлгідегі ең мықты сабуфер орнатқан. Бір сөзбен айтқанда бұл көлікке тең келетін ешқандай темір тұлпар жоқ. Яғни, 5 жыл бұрын ерекше жөндеуден өткен. Владислав Маммед-Заде - Бұл көлік көбіне балаларға бірден ұнап қалады. Көпшілік келіп менен сұрап жатады. Бұл қандай модель деп? Мен оларға кәдімгі кеңес көлігі екенін айтсам, таң қалып сенбейтіндерін айтып жатады. Владиславтың көлікті өзгерту жұмысымен айналысқанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында оның көмегімен бірнеше автокөлік заманауи үлгіде құрастырылған. Жақын арада ақтаулық жігітке фильмге түсуге ұсыныс жасалып, ерекше тәжірибемен алмасты. Владислав Маммед-Заде Фильмдегі әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Қатты ұнады, көңіліммен шықтым. Барлық қатысушылар жарады. Әсіресе, маған оператор мен режиссермен жұмыс жасау қызықты болды. Мен кинода ькөлік жарысына түстім. Барлығы жақсы болды деп ойлаймын... Сонымен, аталмыш толықметражды көркем филдьм 17 желтоқсаннан бастап көрермен назарына жол тартпақ.