Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Алматыда көлік кептелісі мәселесін жүйелі түрде шешілмеген

Алматыда көлік кептелісі мәселесін жүйелі түрде шешілмеген

Авто

Алматыда көлік кептелісі мәселесін жүйелі түрде шешілмеген

Хабарлама Бауыржан Жаксымбет » 29 желтоқсан 2015, 17:47

«Көлік кептелісі барлық жерде бар. Оның пайда болу себебін анықтаудың маңызы зор. Менің ойымша, Алматыдағы кептеліс кезінде қала басшылығының бұл проблемаға аса мән бермеуінен туындады. Мәселені жүйелі шешу тәсілдері қолға алынбады. Қазір билік орындары ахуалды түзетуге тырысып жатыр. Бірақ олардың бір-бірімен байланысы жоқ, үзік-үзік шаралар ғана», - деді ол «Время» басылымының сәрсенбі күнгі санында жарияланған сұхбатында.
Маманның пікірінше, осылай жалғаса беретін болса көлік саны күн санап артып келе жатқан Алматы «ешкім ешқайда жете алмайтын» халге жетуі мүмкін.
«Алматының басты проблемасы - ешкімнің 10-15 жылдан кейін қала қандай жағдайда болады деп бас қатырмауында. Осыдан 10-15 жыл бұрын да солай болған.
Қала басшыларының қолында жаңа жол айрықтары құрылысының жоспары бар. Олар не үшін қажет? Көлік барынша көп жүруі үшін. Әу баста негізгі міндет дұрыс анықталмаған! Автокөліктерді емес, адамдардың жүруіне жағдай жасау қажет», - дейді маман.
Оның айтуынша, көптеген елдерде адамдардың жұмысқа немен жеткені аса маңызды емес. «Өкінішке орай, алматылықтардың тілегі басқа және балама жоқ. Көптеген адамдар жұмысқа көлік айдап келгісі келеді. Басқаларының содан басқа амалы жоқ», - деп атап өтті ол.
«Қазір біз әкімдікке қала қалай қарай дамуы тиіс деген мәселені анықтауға көмектесіп жатырмыз», - дейді голландиялық маман.
Оның ойынша, бірінші кезекте қоғамдық көлікке деген көзқарасты өзгерту қажет. Яғни, адамдар үшін қоғамдық көлік жайлы болуы тиіс.
Бауыржан Жаксымбет
 
Хабарлама: 1123
Тіркелді: 18 қыркүйек 2012, 10:16

Оралу: Авто

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1