Үшінші елдерге өтетін автокөліктер транзитіне талап етілген.

Алдағы уақытта Қырғызстаннан Қазақстан арқылы үшінші елдерге өтетін автокөліктер транзитіне рұқсат талап етілетін болады. Бұл туралы Парламент Сенаты Экономикалық саясат, өңірлік даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Онда депутаттар «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан арасында жүктерді автокөлік құралдарының көмегімен тасымалдауға, сондай-ақ уақытша тіркеу нөмірлері бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап баруға рұқсаттың қажеті жоқ. Ал жүктерді екінші мемлекет аумағынан үшінші елдерге тасымалдауға тиісті мемлекеттік құзыретті органнан арнайы рұқсат талап етіледі. Заң жобасы 1 қазанда өтетін палатаның жалпы отырысында қаралады. Бұл Еурразиялық одақ келісіміне сәйкес келеді. Сол Еуразиялық одақ мүшелері арасында көліктер рұқсатсыз тасымалданады. Ал үшінші елдерден тасымалдар болса, Еуразиялық одақ шеңберіне кірмейтін.