Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Құтқарушыларға жаңа автокөліктер табысталды

Құтқарушыларға жаңа автокөліктер табысталды

Авто

Құтқарушыларға жаңа автокөліктер табысталды

Хабарлама Бауыржан Жаксымбет » 24 желтоқсан 2015, 17:01

Құтқарушылар күні қарсаңында Төтенше жағдай департаменті жаңа техникалармен толықты. Ұзын саны 18 су жаңа көліктің бесеуі арнайы болса, қалғаны жеңіл көлік. Олар аудан-қалалардағы бөлімдерге үлестірілді. Салтанатты шарада кілт табыстау рәсіміне облыс әкімі Алик Айдарбаев пен Ішкі істер министрлігінің орынбасары Владимир Божко қатысты.
Автомобильдер соңғы үлгіде жабдықталған. Мына камаз газ-түтіннен қорғану құрылғысымен жарақталса, екіншісі жабық ғимараттарда түтінді жояды. Сондай-ақ алғашқы жәрдем көлігі де берілді. Оның қызметі жолда төтенше жағдайға тосқауыл болу. Тағы бір техника оқиға орнынан хабар тарату мобильді кешені. Оның ерекшелігі бейне түсірілімнің лезде жергілікті және республикалық шұғыл орталыққа жетуінде. Ал жанармайтолтыру техникасы жарты тонна бензин тасуға қауқарлы. Бұл 19-қазан азаматтық қорғау қызметіне 20 жыл толуына орай жасалған тарту. Осы техниканы дұрыс пайдаланып, халыққа сапалы қызмет көрсетуіңізге тілектеспін. Елбасы қашанда тұрғындардың сақтығы үшін мемлекеттік жүйенің нығайуы мен қалыптасуына назар аударып келеді. Былтыр ғана азаматтық қорғау туралы заң қабылданды. Еліміздің бюджеттік кодексіне өзгеріс енгізіліп, әкімдіктер маңызды деп тапса бөлімшелерді техникалармен жабдықтай алады. Бұл үлкен қамқорлық.
Бауыржан Жаксымбет
 
Хабарлама: 1123
Тіркелді: 18 қыркүйек 2012, 10:16

Оралу: Авто

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1