Джеймс Бонд туралы киноға арналған автокөлік жоғалды

Германияда «Елес» бондиадасының жаңа фильміне арналған 9 автокөлік, соның ішінде 5 жаңа Range Rover Sport көлігі қолды болды.
Ел-жұртты дүрліктірген ұрлық өткен аптаның соңында Нойс қаласындаорын алды, деп жарыса жазуда америкалық БАҚ. Киностудия сатып алған шағын автопарк Альпіде басталатын түсірілім процесіне қатыстырылуы керек еді.
Тоғыз модельдің арасында жалпы құны 800 мың доллар болатын бес Range Rover Sport көлігі де бар.
Ұрлықшылардың бұл көліктердің фильмде пайдаланылатынын білген-білмегені белгісіз, полиция әзірге қылмыскерлердің ізіне түскен жоқ. Сондай-ақ қолды болған көліктердің арасында 007 агентінің жеке автокөлігі бар ма, жоқ па, ол жағы да беймәлім қалып отыр.