Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Джеймс Бонд туралы киноға арналған автокөлік жоғалды

Джеймс Бонд туралы киноға арналған автокөлік жоғалды

Авто

Джеймс Бонд туралы киноға арналған автокөлік жоғалды

Хабарлама Бауыржан Жаксымбет » 22 желтоқсан 2015, 17:28

Германияда «Елес» бондиадасының жаңа фильміне арналған 9 автокөлік, соның ішінде 5 жаңа Range Rover Sport көлігі қолды болды.
Ел-жұртты дүрліктірген ұрлық өткен аптаның соңында Нойс қаласындаорын алды, деп жарыса жазуда америкалық БАҚ. Киностудия сатып алған шағын автопарк Альпіде басталатын түсірілім процесіне қатыстырылуы керек еді.
Тоғыз модельдің арасында жалпы құны 800 мың доллар болатын бес Range Rover Sport көлігі де бар.
Ұрлықшылардың бұл көліктердің фильмде пайдаланылатынын білген-білмегені белгісіз, полиция әзірге қылмыскерлердің ізіне түскен жоқ. Сондай-ақ қолды болған көліктердің арасында 007 агентінің жеке автокөлігі бар ма, жоқ па, ол жағы да беймәлім қалып отыр.
Бауыржан Жаксымбет
 
Хабарлама: 1123
Тіркелді: 18 қыркүйек 2012, 10:16

Оралу: Авто

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1