Toyota сутегімен жүретін автокөліктер сатуды бастады

Жапонияның Toyota Motor компаниясы 15-желтоқсаннан бастап сутегі двигателімен жүретін алғашқы автокөліктер сериясын сатуды бастамақ деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған Businessnews.kz.
Седан Mirai («Болашақ») көлігі жапон нарығында ғана сатылып қоймайды, сонымен бірге АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне экспортталады.
Автоконцерн 2014 жылдың соңына дейін 400 автокөлік сатуды жоспарлап отыр. Келесі жылы өндіріс көлемі үш есе артпақ. Ал 2020 жылға қарай компания жылына 50 мың автокөлік, ал 2030 жылға қарай 400 мың автокөлік сатуды көздеп отыр.
Toyota АҚШ пен Батыс Еуропа елдерін сыртқы нарықтағы басты тұтынушылардың қатарына жатқызуда. 2010 жылдың соңына қарай АҚШ-қа сутегі двигателі бар 3 мың көлік жеткізілмек.
Автоконцерн Mirai көліктерін құрастыруға 162 млн доллар инвестициялайды. Ал Үкімет Mirai көлігін сатып алған жапондықтардың әрқайсысына 17 мың доллардан субсидия беруге уәде етіп отыр.