Қазақстанда тұңғыш рет автөкөлік затын ойлап тапты

Қазақстанда тұңғыш рет қарағандылық ғалым автокөліктер мен тау кен және медицина жабдықтарының металын тот басудан сақтайтын қаптағыш жаңа зат ойлап тапты
Бұл бірегей қаптама темір тұлпар мен қатар сан алуан металжабдықтарды коррозияға ұшыратпаудың таптырмас жолы.Мұндай жобаларды Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті Ольга Жаркевич төрт жылдан бері іске асырып келеді. Нанопалазмалық тың қаптама ғылымда сенсация ғана емес тау кен саласындағы құралдардың мүжіліп-шіріп қалмай көпке шыдас беруіне орасан зор септігін тигізетіне нық сенімді инноватор. Мысалға тот басқанда хроммен қаптайтынымыз белгілі. Бірақ осы процесс қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей қоймайды. Арқадағы өнертапқыш машиналар мен жабдықтарды металл затпен өңдеу жүйесі вакуммды жағдайда жүргізіледі дейді. Әрі көп уақытты алмайды. Яғни қас пен көздің арасында.Ал тау кен техникаларына осындай технологияны қолданысқа енгізсек, облыстағы көмір бассейндері бір жарым миллион теңге үнемдейтінін айтады жоба авторы. Бағымды бастама 120 миллион теңгенің грантын ұтып алыпты. Қомақты қаржы тиісті зерттеу жұмыстарына жұмсалады. Жобаға Мәскеу институтының ғалымдары қызығушылық танытып отыр. Тіпті инноватормен әріптестікті нығайтуға ұсыныс та білдіріпті.