Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Motorola бренді жойылады

Motorola бренді жойылады

Техно

Motorola бренді жойылады

Хабарлама Әсел Асанова » 10 қаңтар 2016, 01:01

Ұялы байланыстағы тағы да бір бренд Motorola айналыстан шығарылады.

Бұл туралы компанияның директоры Рик Остерлох мәлімдеді. ХХ ғасырда байланыс саласындағы әлемнің беткеұстар компанияларының бірі болған Motorola-ның жаңа ғасырда жолы болған жоқ. Бәсекеге төзе алмаған компанияны алдымен интернет алпауыты Google сатып алып, оның негізінде өз ұялы телефондарын дамытуды көздеген. Алайда жоспары өзгеріп, 2014 жылы оны қытайлық Lenovo корпорациясына 2 млрд 910 млн долларға сатты. Қытайлықтар да осы арқылы смартфондар нарығындағы орнын күшейтіп, Apple және Samsung-пен бір қатарға тұруға үміттенген. Алайда Motorola телефондарының сатылымдары үмітті ақтамай, 30%-ға кеміді. Енді Lenovo өз өнімдерінен Motorola брендын біртіндеп алып тастап, Moto атауын дамытуды көздеп отыр.
Әсел Асанова
 
Хабарлама: 486
Тіркелді: 07 қазан 2013, 19:36

Оралу: Техно

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1