Nokia-ны нарықтан қайта көретін боламыз.

Nokia смартфондар нарығына 2016 жылы қайта оралады. Microsoft-пен арадағы келісімге орай, финдік компания өзінің брендімен 2016 жылға дейін ешқандай мобильдік құрылғылар шығара алмайды. Келісім уақыты біткен соң қайта оралуды жоспарлап отырған Nokia бүгінде қызметкерлер жинап, алдағы жылы шығаратын телефондарды құрастырумен айналысып та кетті.
Nokia виртуалды шынайылық саласында бірнеше технологиялық жоба жасап жатыр. Ол жерде Samsung, HTC, Facebook және Oculus компанияларының да қатысы бар. Финдердің нарыққа шығуымен Nokia Technologies айналысады. Ол Nokia-ның көптеген патенттерін лицензиялаған оң қолы болып келеді.
Nokia Technologies АҚШ, Англия және Финляндияда жұмыс істейді. Бұл бөлімше түрлі жобаларды жүзеге асырады. Бұрын планшеттер мен смартфондар құрастырумен айналысқан. Бірақ, олар өкінішке орай, жарыққа шықпай қалды.
Компания 2014 жылдың соңында Android операциялық жүйесі негізіндегі №1 планшетін шығарған еді. Ендігі жоспар — жаңа смартфондар құрастырып, кейін оны басқа компаниялармен және Nokia брендімен бірге лицензиялау. Ол компаниялар смартфондарды өндірумен, сатумен және дистрибуциялаумен айналысатын болады. Аталған стратегияны банкротқа ұшыраған соң Kodak және Polaroid қолданған болатын.