Жылдам қуаттандырылатын смартфондар

Мобильдік құрылғы таңдау кезінде назар аударатын факторымыздың бірі — аккумулятор шыдамдылығы. Ешкім құрылғысын әр сағат сайын қайтадан қуаттап отырғысы келмейді. Аккумуляторды бір рет қуаттап алғаннан кейін, оның қанша уақытқа шыдайтыны өте маңызды. Бүгінгі жазбамызда смартфондардың қуаты, қанша уақытқа жететіні жайлы сөз етеміз.
1. Samsung Galaxy S6
Батарея сыйымдығылы: 2550 миллиампер-сағат
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 1 сағат 18 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 7 сағат 14 минут
Samsung компаниясы «Fast Adaptive Charge» жаңа технологиясының арқасында қуат жылдамдығын көбейту жөнінде бәсекеслестері QuickCharge 2.0 мен VOOC-ты басып озды.
2. Oppo Find 7a
Батарея сыйымдығылы: 2800 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 1 сағат 22 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 6 сағат 6 минут
Қазіргі смартфондар көпке шыдамайды, сондықтан шығарушылар аккумулятор мөлшерін ұлғайтудың жолын іздестіруде. Қуат жылдамдығын арттыру шешімі бұл кемшіліктің орнын толтыруға сәл де болса үлес қосты.
Oppo Find 7a бар жоғы 1 сағат 22 минутта қуатталады. Аккумулятор сыйымдылығын есепке алсақ, аппарат небары 30 минутта 75 пайыз қуатталып үлгереді. Олай болса, Find 7a смартфонын сенімді түрде S6-мен қатар қоюға болады.
3. Samsung Galaxy Note 4
Батарея сыйымдығылы: 3220 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 1 сағат 35 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 8 сағат 43 минут
Ауқымды габариті мен аккумулятор сыйымдылығы жөнінен алғанда «Fast Adaptive Charge» смартфоны да өте жылдам қуатталады. Сырт қараған адам Note 4 мұндай қабілетке ие деп ойламауы мүмкін.
4. Google Nexus 6
Батарея сыйымдығылы: 3220 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 1 сағат 38 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 7 сағат 53 минут
Nexus 6 басқа бәсекелесетерінен 3 минутқа ғана қалып қойды. Бірақ аппарат ойдағыдай қуатталады.
5. HTC One M9
Батарея сыйымдығылы: 2840 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 1 сағат 46 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 6 сағат 25 минут
HTC One M9 смартфоны толықтай QuickCharge 2.0 технологиясының қолдауымен шықты. Сондықтан біздің рейтингіміздің бесінші орынынан бой көрсетіп тұр.
6. LG G3
Батарея сыйымдығылы: 3000 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 2 сағат
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 6 сағат 14 минут
2 сағат – айтарлықтай аз уақыт емес, бірақ өз кезегінде соншалық көп те емес. Осы себептен бұл смартфон 6-орын иеленіп тұр.
7. OnePlus One
Батарея сыйымдығылы: 3100 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 2 сағат
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 8 сағат 5 минут
OnePlus One көбінесе Find 7a көшірмесі сияқты болып келеді, бірақ оның айырмашылығы VOOC технологиясы жоқ.
8. Samsung Galaxy S5
Батарея сыйымдығылы: 2800 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 2 сағат 2 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 7 сағат 38 минут
Өткен жылғы Galaxy S5 смартфоны S6-мен салыстырғанда түкке тұрмайды. Бірақ «флагманның аты флагман».
9. LG G4
Батарея сыйымдығылы: 3000 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 2 сағат 7 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 6 сағат 6 минут
Қазіргі топтық аппараттар ұзақ жұмыс істемейді. Бұл сөзімізге LG G4 дәлел. Мәселені интернет-дүкен аксессуарларымен ғана шешуге тура келеді.
10. Samsung Galaxy Note 3
Батарея сыйымдығылы: 3200 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 2 сағат 15 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 6 сағат 8 минут
Galaxy Note 3 біздің тізімімізде 10 орынға ілікті. Note 4-пен салыстырғанда аса тартымды емес. Бірақ бағасы арзан баламаны нашар таңдау деуге болмайды.
11. Apple iPhone 6
Батарея сыйымдығылы: 1810 мАс
Қуаттау жылдамдығы (0-ден 100%): 2 сағат 27 минут
Толық қуатының жұмыс істеу уақыты: 5 сағат 22 минут
Apple өнімінен де бір өкіл қатарға қосылды. Нәтижеміз Android құрылғылары қолданушыларын қуантары анық.
Айта кетейік, iPhone 6 Plus: 2 сағат 51 минут. Алғашқы нұсқасынан сәл ұзақ уақытқа ғана шыдайды: 6 сағат 32 минут.