«Samsung» жаңа смартфонын таныстырды

Оңтүстік Кореяның танымал «Samsung» компаниясы жаңа смартфонын шығарды. «Samsung Galaxy A9» деп аталатын жаңа байланыс құралы «аспан асты елінде» таныстырылды.

Жаңа смартфон «Galaxy A» топтамасы бойынша шыққан. Смартфон 6 дюймді құрайтын Super AMOLED дисплейімен жабдықталған, ал жақындату мүмкіндігі 1920-дан 1080 пикселге (Full HD) дейінгі аралықты қамтиды. Сондай-ақ, «Android 5.1.1 Lollipop» операциялық жүйесі негізінде жұмыс жасайды. Негізгі бейнекамерасы 13 мегапиксельді құраса, алдыңғы камерасы 8 мегапиксельді құрайды.

«Samsung Galaxy A9» смартфоны сегіз ядролы «Qualcomm Snapdragon 652» процессоры арқылы жұмыс жасайды. Негізі жады 3 ГБ болса, қосымша 128 ГБ-қа дейінгі microSD флэшка салуға болады. Ал басқа техникалық мүмкіндіктері туралы әзірге еш ақпарат жоқ. Өнімнің бағасы мен нарыққа шығарылатын уақыты да белгісіз.