Ұшқыштар жолаушыларға ешқашан айтпайтын сырларымен бөлісті

Билетті не үшін таңғы сапарға алған дұрыс деп ойлайсыздар? Осы және басқа да ұшақ туралы қызықты деректерді білгіңіз келсе, төменге назар аударыңыз. Бұл туралы ұшқыштардың өздері әлеуметтік желіде анонимді түрде жариялады.

Ұшақтар кейде сынып қалады

Бәріміз де әуе жолын басқа жолдарға қарағанда ең сенімді жол деп ойлаймыз. Алайда оның біз білмейтін қыр-сыры көп екен. Мысалы кабинада электр қуаты сөніп қалып, ұшақ қозғалтқышы өртеніп кетуі мүмкін. Бірақ әуе компаниясының басым көпшілігі барлығын алдын ала тексеріп, ұшуға дайындайды. Дегенмен де сақ болғаныңыз дұрыс.

Ұшқыштар ұшып бара жатқанда ұйықтайды
Бұл сөзімізге сенбей отқан шығарсыз. Бірақ сіз ұйқытап жатқан кезде олар да ұйықтайды. 2012 жылы жүргізілген сауалнамада ұшу барысында ұшқыштардың жартысынан көбі ұйықтайтыны анықталды. Ең бастысы олар кезектесіп ұйықтайды екен. Ал егер ұзақ сапарға ұшатын болса, ұшқыштарға ұйықтауға рұқсат берілген.

Ең сәтті сапар – таңғы сапар

Егер сіз турбуленттіліктен қорқатын болсаңыз, ұшақ билетін таңғы сапарға алыңыз. Себебі таңертеңгі таза ауа-райы сіздің жүйке жүйеңізді тыныштандырып, көңіл-күйіңізді көтереді.

Ұшқыштар әртүрлі тағам жейді

Ұшқыштар эконом-кластағы жолаушыларға қарағанда жақсы тамақтанады. Себебі оларға көбіне бизнес-кластағы тағамдарды әкеледі. Кейде ұшқыштарға арнайы ас мәзір дайындалады. Сонымен қатар олар өздерімен бірге қалаған тағамдарын алып жүреді. Мінеки, уланып қалудан сақтану үшін олар әртүрлі тағам тұтынады.

Барлық дерлік ұшақты найзағай соқты

Жылына бір рет болса да әр ұшақты найзағай соғады. Алайда одан жолаушыларға әлі ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ.

Оттегімен демалу маскасы сізге 15 минут қана көмектеседі

Ұшақта тосын жай болған жағдайда оттегімен демалу маскасы 15 минут қана тұншығып қалмауға көмектеседі. Алайда бұл уақыт ұшақтың жерге қонуына толық жетеді.