Бейбітшілік үшін күрес

Жан Анри Дюнан (1828ж. 8 мамыр). Қазіргі кезде 8 мамыр Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай күні. Материалдық жағдайы өте жақсы отбасыда дүниеге келген, 31 жасында француз пайдалы қазбаларды өңдеумен айналысатын ірі компанияның басшысы болған. 1859 жылы 24 маусым күні XIX ғасырдың ең көп қан төгілген шайқас Соферниядағы австро-итало-француз соғысы болды. Жараланған және қаза болған адам саны 40000 жеткен. Дюнан Софернияға барып, соғыстан кейін медициналық көмекті қажет ететін мыңдаған адамды көрді. Артынан, Женевадағы әріптестеріне тез арада ақша аударуды сұрап, «біз бір-бірімізге бауырмыз!» ұранын көтеріп, көмек көрсетуді бастап кетті. 1862 жылы «Соферниядағы естеліктер» атты кітабын шығарды. Оның мазмұны гуманитарлық көмек көрсету үшін ұлттық ұйымдар құру жөніндегі жоспар болды. Осылайша, Дюнанның ықпалымен 1863 жылы 39 елден делегат Женевада «Женева конвенциясына» қол қойды. 1863жылы 20 қазанда Вюртенбергте Қызыл Кресттің алғашқы ұйымы құрылды.

Фредерик ПассиФредерик Пасси (1822ж. 20 мамыр) өте үлкен отбасыда дүниге келген. 1844жылы өзінің мирасын алып, мемлекеттік қызмет орнын тастап, саяси үнемді тереңінен зерттеуге бел байлаған. Пасси соғысты «өте үлкен қаржылық қиындық әкелетін, өзіңнің саудаңа кері әсер беретін және тұлғаның бостандығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдай» деп ұқты. 1867 жылы Франция мен Пруссия ара-қатынасы тығырыққа тіреліп, соғыс болу қауіпі өте жоғары деңгейге жетті. Осыған байланысты, Пасси және оның бірнеше беделді әріптестері «Le Temps» газетіне хат жолдаған. Хат мазмұны: жағдайды бейбіт жолмен шешіп, Француздық бейбітшілік ұйымын құруға шақырды. Хатты қолдаушылар саны өте көп болғаны, Пасси және оның достарын бейбітшілікті мәңгі сақтап қалуға арналған Халықаралық лига ұйымдастыруға күш берді. 1881 жылы депутат болып, сауда еркіндігін қолдады. Ол өзге ұлт өкілдерін төмендетуге, оларды өз еркінсіз өзге жерге бас бостандығынан айыруға қарсы болды. 1888 жылы Пасси француз және ағылшын парламент өкілдерін екі ел арасындағы қиын мәселелерді шешу үшін кездесу ұйымдастырды. 1889 жылы 10 европалық мемлекет жіне АҚШ Парижде қайта кездесіп, қарусыздану мен түрлі мәселерді шешуге арналған Парламентаралық байланыс ұйымының негізін қалады.
1901 жылы «ұзақ жылдар бойы бейбітшілік жолындағы күресі үшін» ең алғашқы Нобель сыйлығын осы екі азамат бөліп алды.