Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе

Экономикалық, әлеуметтік және саяси география (ЭӘСГ) пәні және нысандары, зерттеу әдіс-тәсілдері, орны мен құрылымы. ЭӘСГ тарихи даму ерекшеліктері. ЭӘСГ негізгі категориялары, кешенді және шептес кеңістіктік бағыттары. Табиғи ресурстар мен табиғат жағдайлары, олардың сәйкестілігін бағалау. Қоршаған ортаның антропогендік ластануы. Қоршаған ортаға әсерін бағалау және экологиялық-географиялық аудандастыру. Табиғатты пайдалану экономикасы мен экологиясы. Тұрғындар географиясы және әлемдік қалалардың қалыптасуы. Саяси география негіздері және геосаяси процестердің дамуы. Дүниежүзілік шаруашылық кеңістіктік құрылымының ерекшеліктері мен эволюциясы, секторлары мен салалары. Өндірістің техникалық-экономикалық негіздері, кәсіпорындарды орналастырудың және экономиканың постиндустриялық модельдері. Дүние жүзілік маңызды шаруашылық кешендері мен салаларын орналастырудың негізгі ұстанымдары мен факторлары. Ашық экономика ұғымы және жаһандану жағдайындағы ТҰК қызметі. Экономикалық интеграцияның географиялық аспектілері. Қолданбалы экономикалық география және аудандық жоспарлау. ЭӘСГ болашағы мен дамуының бүкіләлемдік тенденциялары