Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан – Чехия – 3:1

Футзалдан әлем чемпионатына іріктеудің бесінші раундында Қазақстан құрамасы Хомутовте Чехиядан 3:1 есебімен басым түсті. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. Ойынның 8-минутында Давид Цупак Игитаның қақпасын дәл көздегенімен, жерлестеріміз сапынан Лео мен Шыңғыс Есенаманов жауап қайтарды. Ал үзілістен соң Дінмұхамбет Сүлейменов үшінші голды салды. Осылайша құрамамыз маңызды үш ұпайға иелік етті. Бүгін Қазақстан Астана уақытымен сағат 21:30-да Словениямен кездеседі. Чехия – Қазақстан – 1:3 (1:2) Голдар:Цупак 8 (1:0), Лео 13 (1:1), Есенаманов 14 (1:2), Сүлейменов 35 (1:3) Чехия: Герчак, Вагал – Ковач, Заруба, Сейдлер, Белей, Цупак, Новотны, Мареш Р., Грубы, Мареш М., Решетар, Слама. Қазақстан: Игита, Шамро – Лео, Дуглас, Есенаманов, Нұрғожин, Сүлейменов, Першин, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Довгань, Таку.