Құқық салалары және олардың институттары

Құқық салалары және олардың институттары
Құқық саласы, бұл – қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып келетін құқықтық жүйенің бір бөлігі. Сонымен әрбір құқық саласы өзгелерден айрықша нысанасымен және құқықтық реттеу әдісімен ерекшеленеді.

Құқықтық реттеу нысанасы ретінде құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түсініледі. Құқықтық реттеу әдісі - құқықтық нормалар бұйыруларын қамтамасыз етудің және орындаудың заң тәсілдері. Конституциялық (мемлекеттік) құқық, бұл – жария құқық аймағы. Конституциялық құқықтың басты міндеті – мемлекеттік билікті жүзеге асыруды ұйымдастыру және оны құқықтық заң шегімен шектеу. Әкімшілік құқық та жария құқыққа жатады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қатынастарды, яғни билік және бағыну қатынастарын реттейді.

Азаматтық құқық, бұл – жеке құқық аймағы. Азаматтық құқық мүліктік және байланысты емес және мүліктілермен байланысты қатынастар да бар. Қылмыстық құқық, бұл - жария құқық аймағы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасаумен және қылмыстық жаза шараларын пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейді. Іс жургізушілік құқық – жария құқық аймағы. Іс жүргізушілік құқық азаматтық іс жүргізуге және қылмыстық іс жургізуге бөлінеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығының нысанасы болып - анықтау, тергеу және сот органдарының қылмыстық істерді қозғау, тергеу және қарау бойынша қызметімен байланысты қатынастар келеді. Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарау саласындағы қатынастарды реттейді.

Құқықтың тәуелді саласы – қоғамдық катынастардың салыстырмалы бөлек тобын өзіне тиесілі құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық саласының бөлігі. Құқықтық институт, бұл – қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті тобын реттейтің құқық саласының элементі.