Жеке және жария құқық

Жеке және жария құқық
Жеке құқыққа мемлекеттік емес қызметті реттейтін құқықтық нормалар жатады. Олармен реттелетін қатынастар азаматтар араларындағы муліктік, отбасылық, авторлық құқықтық қатынастар, қоғамдық ұйымдар, кооперативтік ұйымдар, өзге бірлестіктермен қтынастар, яғни оларда жеке мүдде көрініс табатын қатынастар. Жеке құқық – бұл оған мемлекет араласпайтын барлық нәрсе. Жеке қатынастар бұл – өзара бағыну емес келісімді қатынастар. Жеке құқықтық қатынастар сипатталады: – құқықтық қатынас тараптарының теңдігімен; – құқықтық қатынас тараптарының салыстырмалы бостандылығымен және дербестілігімен; – өзара субъективтік құқықтармен және міндеттермен. Жеке құқықтық қатынастардың заң және сот алдында тең және бір-бірі алдында ешқандай артықшылыққа ие емес. Жеке құқықта «тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген» деген қағидат іске асады.