Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы (ағылш. right for private life secrecy) - Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы.

Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.

Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және баска құжаттарды жариялауға - олардын авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардын қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамнын артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін