Ақша реформасы

Ақша реформасы — ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша реформалары төмендегідей әдістер көмегімен жүзеге асырылады:

жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;
қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін қалпына келтіру;
деноминация, яғни «нөлдерді қысқарту» әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.