Кітапты оқу бар да, тоқу бар

Білімді болу үшін көп кітап оқу керек деп бәрі айтады. Алайда оқылған кітаптің санына қарағанда сапасы маңыздырақ. Біріншіден, бұл оқу керек кітап сапасына байланысты. Екіншіден, берілген білімді түсіну және оның негізінде маңызды қорытындылар шығару. Адам өмірінің шектеулігіне байланысты адамзатта бар барлық кітаптарды оқып шығу мүмкін емес. Сол себепті тұлға ретінде қалыптасуға көмектесетін, пайдасы көбірек тиетінін таңдау керек. Оқуды бірінші сыныптан үйреткенімен де, кітапты «оқып» үйрену үшін күнделікті жаттығу керек. Оқу – жазылған ақпаратты түсіну, логикалық құрылымын анықтау, соның негізінде қорытынды шығару.

Төменде кітап оқуды қалай тиімді етуге болатыны жазылған. Осы кеңестер негізінде күнделікті дайындық арқасында көп кітап оқып, олардың мәнісін толық түсінуге жол ашылады. Алдымен кітап оқудың бірнеше тәсілі бар екенін атап өткен жөн.
Қарапайым түрі – кітапті жай ғана оқып шығу. Мәліметтің кейбір түрлерін түсінуге болады. Бірақ берілген ақпараттың бәрін түсінбеуі де мүмкін.
Тексеру түрі – қарапайым оқуға ұқсайды. Сонымен қатар кітаптағы негізгі тарауларды, мазмұны, бөлімдерді зерттеп шығу.
Сараптамалық түрі – түсініп, зейін қойып оқу. Аталған түрдің өзі 4 түрлі әрекетті қажет етеді.
1. Кітапты салалық тақырыбы бойынша ажырата алу;
2. Бүкіл кітаптың негізгі ойлары туралы түсіндіріп бере алу.
3. Кітаптың басты бөлімдерін жазу.
4. Кітап авторы жеткізгісі келген мәселе туралы мысалдарды ойлау.
Синтопикалық түрі – бір сала бойынша бірнеше кітаптарды, қосымша әдебиеттерді салыстыра отырып оқу. Өзара қарама-қарсы идеяларды салыстыру.

Оқылған ақпаратты есте сақтау маңызды. Жазылған идеялар, концепциялар, деректерді сақтау кітап оқу үрдісінің пайдасын арттырады. Сақтау қабілетін дамыту үшін төмендегі үш кеңесті пайдалануға болады. Ақпаратты сезіну. Оқылған оқиғаны, әрекетті, идеяны сезініп көріңіз. Адамдар бойында сезім толқынындағы ойлар тез сақталады. Ассоциация құру. Алынған ақпаратты алдын алған біліммен байланыстырыңыз. Өзара байланған берік байланыстар туып, есте сақталып қалады. Қайталау керек. Мәліметтерді қайталап тұрмаса ол ұмытылады. Кітап оқу барысында жазылған ескертулер мен жазбаларыңызды қайта қарап шығу қажет. Алынған білімді қайталау барысында пайдалы іске асыру керек.

Кітапты оқу адамның ойлау қабілетін дамытады. Ойлау барысында тәжірибе жинақталады. Кейін өмірде оны пайдалану жеңілдейді. Рухани бай етеді. Әлемге жаңа көзқараспен қарауға итермелейді.