"Кобальт" деген қандай оқу-жаттығу? қашан болады?

20-22 мамыр аралығында Алматы облысында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің Жауынгерлік және әдістемелік дайындық Орталығында «Заңсыз қаруланған құрылымдарды жою бойынша арнайы операцияларды жоспарлау және өткізу» тақырыбында «Кобальт–2018» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып жатқан шараға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің, яғни Армения Республикасы Полициясы, Беларусь Республикасы ІІМ ішкі әскері, Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерінің Федералды қызметі, Ресей ІІМ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, ҚР ІІМ, Тәжікстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының ІІМ жетекші құрамы қатысуда.

Толығырақ: https://massaget.kz/jigitterge/syin_sagatta/52343/