Құсбегіліктің құпиясы

Қазақ бағзы заманнан тау асып, тас басып, судың тұнығын, шөптің шүйгінін іздеп мал шаруашылығымен шұғылданып келгені тарихтан белгілі. Сол кезде төрт түлігін күйлі бағумен бірге жапан даладағы таңы жыртылған дала аңдарын қақпан және тұзақ құрып, тазымен аулады. Садақ тартып, мылтық атып мергендікті де кәсіп еткен бабаларымыз еті халал аңдарды азық ете білді.