«Бiрiншi байлық – денсаулық, екiншi байлық – ақ жаулық.


Мұсылман әйеліне орамал тағу – парыз, ол әйелдің ары мен абыройын сақтайды. Орамал- кез келген қыз-келіншектің көрігіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей. Басқа тағылған орамал тазалықтың,
Орамал тағудың физиологиялық тұрғыдан да әйелдерге пайдасы бар. Әрине, бұл өз алдына жеке зерттеуді қажет ететін бөлек мәселе. Десек те, С. Асфендиров атындағы Мемлекеттік медицина университетінің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева бұл жайлы былай дейді:«Ер адамдар көбіне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш келеді. Бұл да оның, әсіресе, бас ауруына ұшырауына әсер етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездескендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы», т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса, ашық-шашық жүрген әйел көктен өзіне қажет емес артық қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гормональды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады».
Орамал – ана екеніңді, біреудің Құдай қосқан жары екеніңді, ақ-адал ниетпен аттаған шаңырағың бар екенін білдіретін белгі. Оның басты қасиеті де осында жатса керек. Бүгінде көпшілік орындарда, көшеде, үйде, түрлі мекемелерде басына қазақы әдеппен орамал тартып жүретін әйелдерді өте сирек кездестіресің. Бұл – орамал тағу мәдениеттіліктің бір нышаны екенін ескермеудің салдары. Осыған орай, жастар арасында «Қоғамдық орындарда қыздардың орамал тағуына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа сауалнама жүргізіп көрдік. Жүргізілген сауалнама бойынша пікір білдірушілердің ойлары бір жерден шықты.
Жанар Рамазанова, ҚарМУ-дың филология факультеті, журналистика кафедрасының оқытушысы:
-Біздің қоғамда орамал таққан әйелді көргенде, өкінішке қарай, жұрттың көбі бір жақты, жағымсыз кейіп танытады: 1. Ол әйел дінде. 2. Дінде болса, теріс ағымдағы дінде. 3. Асқа(құранға) бара(келе) жатыр. Осы әрекеттерінің өзі исламға түбегейлі қайшы екенін де түсінбейді. Ал, сол орамал таққан қыз-келіншектің ауызында Алласы, жүрегінде иманы бар, жас келін, жас ана немесе бес уақыт намазы бар, демек, Алланың тура жолында екенін қаперіне де алмайды. Өз басым, қоғамдық орындарда кездесетін орамал тартқан қыз-келіншектерге ықыласым ерекше.
Назерке Таледжан, студент:
-Мен қыздардың орамал тағуына қарсы емеспін. Себебі, Адам қандай киімде болса да, қоғамға кесірін тигізбесе, онда ол адамның дүниетанымына, таңдауына қарсы келуге болмайды.
Медет Кәрім, студент:
-Орамал тағып жүрген дұрыс. Орамал тазалықтықтың белгісі және сырт көзге әдемі көрінеді. Сонымен қатар, өзіміздің қазақилығымызды көрсетіп тұрады. Шашын жайып жүрген қыздарға үлгі болады деп ойлаймын.
Айзат Серғазы, студент:
-Қазақ қыздарының орамал қоғамдық орындарда тағып жүруіне қарсы емеспін. Себебі, менің ойымша, барлық адамға толерантты көқараспен қарау керек. Сондықтан, әркім не кигісі келеді, соны киюі керек. Әркімнің өз таңдауы бар, оның таңдауын құрметтеуіміз керек.

Данияр Мекеев, студент:
-Қоғамдық орындарда болсын, қай жерде болса да қыз баланың орамал таққаны дұрыс. Көбісі бұрын қыз бала тұрмысқа шыққан соң ғана орамал таққан деп жатады, бірақ қыз бала бойжеткен соң орамал таққаны дұрыс деп ойлаймын.
Саяжан Серікова, студент:
-Қыздардың орамал тағуына қарсы емеспін. Себебі, кез-келген қызға әдемі жарасады. Оның ешқандай әбестілігі жоқ деп ойлаймын. Орамалды тек әдемілік үшін емес, тазалық үшін де таққандықтан, қолдаймын.