Жігіттің ойындағы қыз қандай болуы тиіс?

Қай адам болсын, бойжеткен мен бозбала шағында өзінің болашақ жұбын мінсіз періштедей елестетеді. Бет-пішіні сүйкімді, сымбаты сұлу, мінез-қылығы жайлы жанды іздеп, өз идеалын қалыптастырады. Алайда ойша құрылған сұлба оңайлықпен табылмайды. Кейде тіпті сол идеалды өмірінің соңына дейін іздеп өтетін адамдар аз емес.