Халықаралық паралимпиада комитеті

Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК, International Paralympic Committee) - паралимпиада қозғалысымен басқаратын халықаралық үкіметтік емес ұйым. Комитет Паралимпиада ойындарын өткізу сұрақтары туралы шешім қабылдайды, сонымен қатар, бірнеше паралимпиада спорт түрінің спорттық федерациясы болып табылдаы.

ХПК 1989 жылы құрылған. Оны мүгедектер үшін спорттық федерациялар және түрлі елдегі мүгедектер үшін 42 ұлттық спорттық ұйым құрған.

Қазіргі кезде ХПК-ға 161 ұлттық паралимпиада комитеті, 5 аймақтық ұйым (әлем бөліктері бойынша), 10 халықаралық спорттық федерация (спорт түрлері бойынша) және 4 халықаралық мүгедектер үшін спорттық ұйым мүшелік етуде.

ХПК-ның жоғарғы органы әр 2 жылда жиналатын Бас ассамблея болып табылады.

Комитеттің штаб-пәтері Бонн қаласында орналасқан.

ХПК президенті сэр Филип Кравен болып табылады.