Ең бай футболшылар

Мадридтік «Реал» клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду әлемдегі ең бай футболшы деп танылды. Ол бұл тізімде аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиден озып кеткен. Goal.com журналы түзген бұл тізімде футбол ойнауын жалғастырып жатқан ойыншылардың 2014 жылға дейін тапқан барлық табыстары есептелген. Криштиану Роналду үлкен футболмен қош айтысып кеткен Дэвид Бекхэмнен озып кеткен. Оның жалпы табысы 148 миллион еуроны құраған. Екінші орында Лео Месси. Оның жалпы табысы 146миллион еуро. Үшінші орында камерундық шабуылшы Самуэль Это’O — 85 миллион еуро. Goal.com тізімі бойынша ең бай футболшылар тізімі: 1. Криштиану Роналду («Реал Мадрид») – 148 миллион евро 2. Лионель Месси («Барселона») – 146 миллион евро 3. Самюэль Это′О («Челси») – 85 миллион евро 4. Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед») – 84 миллион евро 5.Кака («Милан») – 82 миллион евро 6. Неймар («Барселона») – 80 миллион евро 7. Роналдиньо («Атлетико Минейро») – 78 миллион евро 8. Златан Ибрагимович («ПСЖ») – 69 миллионов евро 9. Джанлуиджи Буффон («Ювентус») – 63 миллион евро 10. Тьерри Анри («Нью-Йорк Ред Буллс») – 57 миллион евро.