Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Самбо - қарусыз қорғану

Самбо - қарусыз қорғану

Самбо - қарусыз қорғану

Хабарлама Бауыржан Жаксымбет » 30 қараша 2014, 19:24

Самбо (орыстың “самозащита без оружия” – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі). Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, Әзірбайжан, т.б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі. Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі. Қазақстанда самбо 1953 жылдан бері дамуда, республикалық алғашқы біріншілік 1955 жылы ұйымдастырылды. Самбо күресінен Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы болса, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев, Арсен Хатип әлем чемпионы, Айтжан Шаңғараев, А.Мұсабеков Еуропа чемпионы атанды. Әйелдер арасында Сәуле Ғабдоллина, Айсара Керімбекова, Жамал Бозова, т.б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды.
Бауыржан Жаксымбет
 
Хабарлама: 1123
Тіркелді: 18 қыркүйек 2012, 10:16

Оралу: Күрес

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1