Жас балуандарымыз ел үмітін ақтады

Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен Бувайсар Сайтиевтің жүлдесі үшін Х рет ұйымдастырылған халықаралық турнирде балуандарымыз биік тұғырдан көрінді.

58 келі салмақтағы балуан Қуаныш Дүйсенқұл ресейлік 4 балуанды жеңіп, финалда моңғол балуаны Баян-Даш Сатудан 0:4 есебімен жеңліп қалды.

69 келісі салмақтағы балуандарымыз екеуі жүлдегер атанды. Әбдіғаппар Әбдіқадыр күміс медаль иемденсе, Нұрқожа Қайпанов қола медальді қанағат тұтты.

Аса ауыр салмақтағы балуан Серік Бақытжанов күміс медаль еншіледі.