Қазақ күресінің болашағы қалай?

Күрес бізге ата-бабаларымыздан қалған спорттың бір түрі. Менің ойымша күресті дамытуды ауылдық жерден бастау керек.Ауылда күреспен айналысқысы келетін қыз-жігіттеріміз өте көп. Мен де бір уақыттары күреспен айналысқым келді, бірақ бізде ауылымызда күрес үйірмесі жұмыс жасамады, 6сынып оқып жүрген кезім. Содан ата-анама айттым. Біз шет ауылда тұратынбыз. Бізге алыс бір ауыл бар еді. Сол ауылда әкем апарып, алып келіп жүрді. Жарысқа қатыстым. Мен қайтсемде чемпион боламын дедім. Әкем өз жұмыстарымен кеткен кезде жаттығудан қалып коятынмын, қолымнан келгенімше аянбадым. Бірақ өз жеріңде болмаған соң, бұл жаттығудан еш нәтиже шықпайтынын түсіндім, және анам қарсы болды. Солай біраз армандарым орындалмай қалды.Дебаттық турнирларда жастардың әлеуметтік жағдайы туралы сөз болғанда мен осы күресті айтып өткенмін. Жалғыз мен емес біздің ауылда солай шет ауылға барып жаттығатын балалар көп болды. Бірақ кейбір ата-анананың қалтасы көтереді, кейбірінікі жоқ. Әрбір ауылдан шағын күрес үйірмелерін ашып, аудан орталықтарынан спорт кешені ашылса, сол уақытта ғана біз қазақ спортының болашағы жарқын болады деп нық сеніммен айта аламыз. Бүгінде елімізде ауыз толтырып айтарлықтай спортшыларымыз жоқ емес. Жылдан жылға әлемдік додалардың чемпиондарының саны артып келеді. Бұнын өзі көңіл қуантарлық жайт. Егер қолымнан келіп жатса алдағы уақытта елімнің мәдени жағынан дамуына өз үлесімді косамын. Толағай табыстармен жаңа жеңістеріміз көп болсын деген тілек білдіргім келеді.