Қанат Ислам кіші Флойд Мейвезердің менеджерімен келісімге от

Кәсіпқой бокстағы ең беделді адамдардың санатына кіретін Эла Хэймона, отандасымыз Қанат Исламмен келісім-шарт жасасты. Хэймона осы бір кәсібінде әлемнің мықты деген боксшыларымен жұмыс жасап, менеджері атанып келеді. Атап айтар болсақ, олардың ішінде әлемдегі ең бай екінші спортшы атанған кіші Флойд Мейвезер, Амир Хан, Питер Куиллин сынды үздіктер мен қатар басқа да мықты боксшылар бар.
Бұған дейін Эла Хэймона олимпияда жеңімпазы, орта салмақтағы көптеген белбеудің иесі балқаштық барыс атанған Василий Жировтың, орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша жеңімпаз атанған Бейбіт Шүменовпен бірге жұмыс жасаған.

Бұл келісім-шарт болашақта Қанаттың қарыштай алға ұмтылуына үлкен септігін тигізуі мүмкн деп күтілуде. Себебі кәсіпқой бокста көп жылдан бері жұмыс жасап келген Хэймона, Қанаттың алдынан мықты, әрі жоғары деңгейдегі спортшылармен қолғап түйістіруге мүмкіндік.