Ішіңіз өтсе...

Сіз қандай жағдайларда іш өтетіндігін білесіз бе? Мәселен, тамақтан не химиялық дәрілерден уланғанда, ішектің вирустық қабынуында, бактериялар жұққанда, жұқпалы қоздырғыштардан, ішек жолдарының өспелерінен тағы да басқа әртүрлі себептерден іш өтеді. Ал оның көптеген емделу жолдары бар. Назарларыңызға іш өткенде дәрі іздемей-ақ үй жағдайында емделудің жолдарын ұсынамыз.

1. Қойдың сүйегін өрттеп,күлі ұнтақталады. Оның 12 грамдайын күніне 3 рет қайнаған сумен ішеді. Мұндай емдеу тәсілі асқазанның тамақты дұрыс қорыта алмауынан болатын іш өтуде қолданылады.

2. Қою қара шайға бал қосып ішу керек.

3. Бір кесе күрішті тұссыз суға қайнатып бөктіреді. Әбден піскен кезде күніне 1 рет жеу керек. Емдеу мерзімі 3-5 күн.

4. Іш тоқтамай өткен кезде еменнің қабығын талқандап, бір кесе қайнаған суға салып, оған 1 шай қасық тұз қосып бір сағаттай демдеу керек. Дәрі дайын. Осы дәріні әр 2 сағатта ас қасықпен ішеді. Нәтижесінде келесі күні іштің өтуі тыйылады.

5. 1-2 жасар баланың іші тоқтамай өтіп ешбір дәрі көмектеспесе, жаңадан туған 3 жұмыртқаның ақуызын пісекпен сорып алып, түтікше арқылы тік ішекке жіберсе, іштің өтуі сап тыйылады.

6. 3 жастағы баланың іші өтіп тоқтамаса, 1 кесе күрішті тазалап жуып, 3 литр суға 20-30 минут қайнатады. Тұндырады. Жылытады. Дәрі дайын. Осы дәріні жылылай тамақтың алдында жарты кеседен ішкізсе, үшінші күні іші тыйылады. Емдеу мерзімі 3-5 күн.

7. Көкемарал (душица) гүлінен 10 гр алып 300 гр суға қайнатып, демдеп шай орнына ішкізеді. Осы әдіспен емдеуді таңертең бастаса, кешке қарай іштің өтуі тоқтайды.

8. Мойылдың (черемуха) дәнінен 1 ас қасық алып, 1 шәугім суға 3-4 минуттай қайнатып 10 күн ішкізсе, іштің өтуі сап тыйылады.

9. Құлқайыр (құлан қурай – шток роза) гүлінен 1 ас қасық алып, көк шай демдейтін кішкентай шәйнекке шай сияқты қайнатып, демдеп ішкізеді. Бұл емдеу әдістерінің қай-қайсысы да баланың денсаулығына зиянын тигізбейді.

Емдік тағамдар ретінде кепкен (қатқан) нанды талқандап жегізу керек және қою қара шай немесе сүтсіз кофе әлде какао берген абзал.