2015 жылғы «Қазақстан аруы» Елбасын биге шақырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңажылдық кешіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы алдағы жылды республикамыз өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізетінін айтты. "Ұлы мерекені лайықты қарсы алу үшін бүкіл еліміз жұмыла еңбек ететін болады. Егемендік жылдары жаңа ел қалыптасты, оған барша қазақстандықтардың күш-жігері арқылы қол жеткізілді. Көпэтносты және көпконфессиялы халқымызға бірлескен жұмыс үшін зор алғысымды білдіргім келеді", - деді Қазақстан Президенті.

Осыдан кейін "Қазақстан аруы-2015" Әлия Меренбаева Қазақстан Президентін биге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев баршаны алдағы Жаңа жылмен құттықтады және елімізге игілік, әр үйге татулық пен келісім тіледі. Қайырымдылық кешінен түскен қаражат түгелімен "Мейірімділік" Ерікті қоғамы" қорына аударылады.