Біздің ортада айырылысу неге көп?

Ия, бүгін үйленіп ертең айырылысып жататын жағдайлар тым көбейіп кетті. Бұл мәселені түрлі ұйымдар да, теледидардағы бірнеше бағдарламалар да дабыл қаға айтып жатыр. Жай айтып жатқан жоқ, қайтсек осы айырылысуды азайта аламыз деп жатыр. Соңғы кезде мен де осы сұрақ төңірегінде көп ойланамын. Отбасы берік болуы үшін не істеу керек? Өйткені бүгін бе, ертең бе, әйтеуір уақыты келгенде өзім де бір отбасына келін боларым анық. Көп жағдайда келіспеушілік ене мен келін арасында болады ғой. Мен былай ойлайм, әр бір бала үшін ата-анадан артық жан жоқ. Біз отбасында 3 қыз, бір баламыз. Ертең-ақ үш қыз үйден ұшып кете барамыз. Ал әкем мен анам жалғыз бауырым әкелген келінге күндері қарап қалары анық. Ал мен сол келіннің ата-анамды ренжіткендерін қаламаймын. Сол келіннен өз әке - шешемді сыйлап, оларға келген қонағын күтіп, үйдің жылылығын, тазалығын ұстап отырғанын қалаймын. Солай болса екен деп армандаймын. Ата-анам да осыны қалайтынын ішім біледі. Енді мен келін болып барар жұртым да менен осы қасиеттерді күтетіні бесенеден белгілі. Менің бауырым әкелген келін ата-анамның бабын таба білсе екен десем, өзім де барым отырған үйімдегі ата-енемнің бабын таба білуім керек қой. Үйде келіспеушілік болмас үшін, оның арты айырылысуға әкеліп соқпас үшін, қазақ келіндері осындай бір қулы ақылдылықты іске асыруы керек-ау деймін. Сонда ене мен келін арасында аз да болса кикілжің азаядыма деген ойым ғой. Айырылысуды азайту үшін тағы не істеу керек, қандай болу керек, пікірлеріңіз?

Өте өзекті тақырып бүгінгі таңда! Мен өзім жолдасыммен 4 жыл тұрғаннан кейін айырылысып, 2 жылдан соң(осы тамыз айында) қайта қосылдым. Ажырасудың бірнеше себептері болды. Мамам мен папам(ата-енем) алтын адамдар. Тек қайын әпкелерім жолдасым екеіміздің арамызға түсті. Жолдасымның қателіктері болды және оны ол дұрыс деп ойлады. Талай кетіп те қалған күндері болды. Қызым үшін, тірі жетім болмасын деп шыдап та бақтым. Бірақ ол өзгермеді. Сөйтіп біз ажырастық. Екі жыл ажырасып жүргенде ол түбегейлі өзгерді. Түсінді қателіктерін, қызының болашағын ойлады. Мен де кешірдім оны. Сөйтіп қазір екеуміз жаңа үйленгендей өмір сүріп жатырмыз. Бәрінен де қызым қатты қиналды осы екі жыл аралықта. Екі ортада жүрді арамызда. Сонда түсінгеніміз: жанұяны сақтап қалуға бар күш-жігерді салу керек. Қателіктерді түсініп оны түзеу керек, бір-біріне төзіммен, кешіріммен қарау қажет.
Сіздердің қайта қосылғандарыңызға шын ниетіммен қуаныштымын! "Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң" деген жақсы бір қанатты сөз бар. Отбасылық ғұмырларыңыз баянды болсын.
Уақытында көрермін, бірақ барлық мәселе ашып айта алмаған мен түсінбестікте деп ойлаймын
:idea: сабырлық,тұсыныу,кешырым беру,шыдамдылық,кышпейлдык,.......
Туыстардың әсері деп ойлаймын
Өзекті тақырып. Ешкім де үйленіп жатқан кезде ертең ажырасамыз деп ойламайды ғой, солай емес пе? Қазақ қызын ер адамнан бір саты төмен етіп тәрбиелейді ғой. Бәлкім мәселенің мәнісі осында жатқан шығар. Білетіндер үйленген соң махаббат жойылып, сыйластық қалады дейді ғой. Қыз күйеуін сыйлап, құрақ ұшып тұрса, санасында сәулесі бар адам бекерден-бекер кете қоймас-ау... Өмірлік тәжірибем жоқ болса да, бір білерім ер адамдар әйелдерін тастап кеткен соң, бәрібір сенен артық ешкім жоқ екен деп ерте ме, кеш пе қайта оралып жатады. Және керісінше. Қазақ "Кіммен қарайсаң, сомен ағар" демей ме?
Қыздардың тым ақылды, тым мәнсапқорлығының да кесірі бар ма деймін. Қазір көптеген қыздар басынан сөз асырмайды, жігіттердің аузын жауып, сыйлауды білмейді. Өйткені қоғамда теңбіз деп санайды, ертең үй болғанда да сол әдеттен арылмаса, арты жаман болуы мүмкін. Жігіт жарын сыйлай білсе, келіншегі сыйлата білсе бәрі дұрыс болады деп ойлаймын. Бірақ ол үшін де ақыл мен зерде керек.
қазіргі қыздар мен бүгінгі жігіттерді дұрыс тәрбиелеу керек.
Бәр мас махаббат сымаққа