Қайырымдылық ше?

Қайырымдылықпен айналысып жатқандарды айтсақ, қайтеді?

Қайырымдылықпен айналысып жатқандарды айтсақ, қайтеді?

Көп қой ондай ақжүректі жандар. Олардың амандығын тілейік
Қайырымдылықпен айналысқан керемет қой, алайда оны жасырып жасағандар одан да керемет!
"оң қолың бергенін сол қолың білмесін" деп жатады ғой, яғни, тек бір Алланың разылығы үшін жасасаңыз - бастысы сол. Ал, біреудің жасағанын айту - ол да сауапты іс меніңше. Біріншіден, адамның мерейі өседі, қазақ айтады ғой "жақсылығын айт - нұры тасысын" деп. Екіншіден, "Алла разы болсын" деген алғыс алады. Үшіншіден, өзгелерге үлгі болады.
Қайырымдылық деген негізі жақсы дүние. Бірақ, оны кейбіреулер пиарға, бизнеске, саудаға айналдырғанын аңғарып келемін. Бұл, менің ойымша, дұрыс емес. Қайырымдылық жасадың ба, болды, бітті, ол туралы, сүйінші сұрап, сөз қозғама. Тек өзгелерді қайырымдылық жасауға шақыр.
мен қайырымдымын деп айта алмаймын. Қайырымды болу үшін үлкен ЖҮРЕК керек екен.
Қайырымды болу ауырып жатқан науқасқа жүрегіңді болмаса да, бір бүйрегіңді бергенмен тең. Айтайын дегенім, ол үшін үлкен жүрек, батылдық қажет!
Қалтасы тоқ, көйлегі көк адамдардың жиі қайырымдылық жасап тұратындары сирек. Көбісі қалта қамымен кетіп қалып жатады. Бірақ, онысы да дұрыс